АДАМДЫҚ ҚАСИЕТ: Өзгенің күнәсін жасыру!
АДАМДЫҚ ҚАСИЕТ: Өзгенің күнәсін жасыру!

Бірде Иса пайғамбар (عليه السلام):
Ұйықтап жатқан адамның ұятты жері ашылып қалса, қайтер едіңіздер? - дегенде, адамдар: 
- "Жабамыз əрине" - дейді.
Сонда Ол (عليه السلام):
- "Меніңше, қайта одан сайын ашып тастайтын сияқтысыңдар"-дейді.
- "Ол не дегеніңіз, уа, пайғамбар" -дегенде, Ол (عليه السلام) сөзін былай жалғастырады:
- "Біреудің айыбын жасыру - ашылған адамның ұятты жерін жапқанмен тең. Ал қосыла жамандасу - ашылмаған жақтарын қоса ашумен тең.

Бұл - үлкен әдепсіздік" - деген екен...

 

HUSAMUDDINHUSAMUDDIN
2 жыл бұрын 1215
1 пікір