Бала тәуіп истидражға қалай түсті?!
Бала тәуіп истидражға қалай түсті?!

Қызылорда өңірінен шыққан Ербосынның палшы бала атанып, адам емдеу сынды сиқыр-шырмақтарымен бүкіл елді дүр сүркіндірді. Көзі ашық көкірегі ояу жан мұндай істердің көзбояушылық екенін атам заманнан білгені анық. Күні кеше ҚМДБ-ға қарасты Ұлағатты Имамдарымыз да сұхбат - пікірталас жасаған болатын. Алайда, бұл баланың сөзі жас баланың сөзіндей емес екенін байқаған боларсыздар?! 
Ендеше, бұл баланың магиялық істеріне қисыңға келерліктей, Ислам негіздерінен болған таным тұғырымен жауап беріп көрелік! 
Таным тұғыры дегеніміз - Ақида ғылым саласы. Мұсылмандық сенім алғышарттарын бекітетін ілім. Ақида ілімін 3 түрлі тараулар қамтиды. Олар: Иләһиат (Құдайтану), Нубууат (Пайғамбартану), Самғиат (Ақырет ілімдері)! Мұны неге айтып отырмыз?! Бұл аталған 3 тарау сенім тұтқасын бекітеді. Өзара тығыз байланысты болмақ. Егер де жоғарыда аталған тараулардың бірін теріске шығару - ол мұсылмандық сенімінен ауытқу болып табылады. Қалай? Егер Иләһиатты бекіткеніңіз - Жаратушыны танығандық, ал Жаратқанды тану - Оның жіберген пайғамбарларын мойындағандық. Ал пайғамбарды мойындау - Нубууатты бекіткеніңіз! Нубуатты бекіткен адам - әлбетте - Самғиатты да бекітпек! Ал Самғиат дегеніміз - Ақырет ілімдерін, ғайып әлемін зерттейтін ғылым! Яғни, О дүниелік болатын есеп-қисап, таразы, сауап-күнә, жаннат пен тозақ т.б. Хақ Елшісінің жеткізген хабарларына сену! Бұл аталғандардың барлығы - Ғайып әлемі! Ал Ғайып әлемін Алладан басқа ешкім білмейді! Бұл жөнінде Қасиетті Құранда ашық, анық баяндалған. 
Ислам ақидасында 4 нәрсе бар! Оған иман етуіміз Самғитанымды бекіту!
1) Муғжиза!
2) Керемет!
3) Мағуна! 
4) Истидраж!
Енді, бұлардың балаға не қатысы бар деуіңіз мүмкін?! Дұрыс! 
1) Муғжиза - тек Пайғамбарларға беріледі! Алланың қалауымен ғана!
2) Керемет - Алланың Сүйікті Әулиелеріне беріледі, олар Құранды, хадисті мұсылман шариғатын толық меңгерген, діндар (5 намазы да бар), құдайшыл жандарға Алланың кереметі беріледі! Егер Алла қаласа!
3) Мағуна (Жәрдем) - Тек ғана Мүмін жандарға беріледі, олар Жоғарыда айтылға ақидалық 3 тарауға толық иман етіп, ықыласты мүміндер! (намаз, зекеті т.б. бар мүміндер)!
4) Истидраж (Төмен қарай) - перғауынға, Дәжжалға, Зұлымдықтың ең төріндегі істерге берілетін дүние! Мәселен - сиқыршылардың сиқыр жасауында - адамдар олардың көзбояушылықтарын көрмей қалып, төмен қарай сәттіліктері! Мұндағы төмен қарай дегеніміз - о дүниеде төмен болған істер, бұл дүниеде жоғары болып көрінген істі айтамыз! Мәселен - ұры ұрлық жасап байыса - ол жақсы жасап жатырмын деп ойлап, дүниелік көтерілу деп ойлағаны тәрізді т.б.
Енді, бұл балаға да Истидраж берілгендік сипаттарын байқауға болады! 
Ол осы дүниеде адам емдеп жатырмын, менің ғана бойымда бар қасиет деген өзін әсіре сілтеу ісі, ал өзін әсірелегендік пайғамбардан да өзін жоғары ұстау болмақ! Тіпті, пайғамбардың өзі мұндай істерден сақтанған болатын! Өзін әрдайым Алланың құлы ретінде танытқан! Сондай-ақ, Алланың мұғжизасы берілсе де Алланың бергені деп біліп, Аллаға құлшылық жасап, уахидың аясынан шықпаған! 
Бұл баланың шариғатты ұстанбай, исалм алғышарттарынан сенім тұғырларынан бейхабар бола тұра, төмен қарай берілген Истидражды - Керемет ретінде көрсетікісі келеді. Міне, осы бір жерде шатаспайық ағайын! Назарларыңызға бір сүйінші хабар ретінде - Истиджраждың Шегі болатындығын естен шығармаған жөн! Алайда, мұның шегі жақсылықпен аяқталмайтындығы жөнінде деректерден кездестірген едім! Сондықтан да рухани алданып қалып жүрмеңіздер!
С.Тәжібаев!

HUSAMUDDINHUSAMUDDIN
2 жыл бұрын 5804
12 пікір
  • Ассаламагалейкум жамагат осы темада айтылып жаткан Кызылорда облысы арал ауданы аралкум ауылында туратын емши баланы оз козимен коргенмин сол балага бир кисилерди апарганмын сол кезде журмей калган адамдарды аягына тургызып козилдирик киетин кисилердин очкиын сындырып котере алмай журген келиншектерди емдеп жатты халыктын айтысына карасан сенетиндейсин бирак оз ойым адам баласына сиынып аллага кулшылык кылмай журген кисилер коп осы айтарым негизи адам баласына адам табынбайды аллага сенбеу ол куна тек аллага сениндер мусылмандар.
    2 жыл бұрын
  • Қазіргі қоғам сабырсыз, мазасыз күйге түсті. Барлық нәрсеге қиналмай қол жеткізгісі келеді. Алладан құлшылық етіп, тахаджудке тұрып, жылап отырып сұрап, ал сұрағанын бермесе сабыр етуді білмейді көпшілік. Содан іздегенге сұраған болып отыр. Өзімнің туыстарым да барды ем іздеп. Сіздер Алладан сұраңыздар, дәрігерге барыңыздар десем түсінбейді. Жандарын қинап барып келді. Өзгерген ешнәрсені байқамадым. Алладан келген сынақ шығар бұл бала да, ал көпшілік оны түсініп отырған жоқ.
    2 жыл бұрын
  • Ассалаумағалейкум,
    тақырыптарды кіші әріптермен жазып жүрсеңіз. Алла разы болсын!
    2 жыл бұрын
    • Уағалейкумассалам! Кіші әріптермен жазу дегенді қалай түсінсек болады? Түсіндіріп жіберсеңіз! Құрметпен...
      2 жыл бұрын
      • сіздің былай жазулы еді: БАЛА ТӘУІП ИСТИДРАЖҒА ҚАЛАЙ ТҮСТІ?!
        қазіргі аты: Бала тәуіп истидражға қалай түсті?!
        2 жыл бұрын
        • енді, түсіндім) өзгеркен екенсіздер ғой. Әрине, естідікте бойұсындық!
          2 жыл бұрын
  • Кім неге сенсе соның құлы болмайма?! Адам өзін дайындайды осы тәуіп бала болмаса жазылмаймын, ауруымды осылай емдеймін деп. Амал қанша...... Адамдар осылай білімсізденіп кетті. Аллахтың берген нығметтеріне шүкір ете алмай отырып, жаратылғанға құл болып кетті. Қайрат ағаларымыз Құран хадистертерден қосып мақала жазса екен. Олар былай дейді: олардың айтқандары дәл келеді ғой(көздері көріп кетті, жүре алмайтындар жүріп кетті деген сияқты) тағысын тағылар
    2 жыл бұрын
  • Ассаляму алейкум, бауырлар! Осы тұрғысында муфтияттағы ағаларымыздың жазғанымен бөлісейін.
    Емшіге бару, бал аштыру – ай жарықта адасу.
    Қазіргі кезде басына бір іс түскендердің, бір перзентке зар болғандардың баратын жері әулиелердің басы, зираттың тасы болды.Қәбір басына барып құрбан шалып, тасын сүйіп, көз жасын төгіп жәрдем сұрап жүргендерге қаншама. Пенде өзінің бұл дүниеге келу мақсатын білмегендіктен, өмірден өз орнын таба алмайды. Аллаһ Тағала «Зарият» сүресінің 56-шы аятында:

    «Мен адамдар мен жындарды Өзіме құлшылық қылу үшін ғана жараттым» – деп адам баласын жарату себебін ашып айтқан. Яғни, Аллаһ Тағала құлшылық қылуға лайықты жалғыз құдырет. Ендеше жаратушыдан басқаға құлшылық жасауға болмайтынын түсінеміз. Құлшылық дегенге кез келген тілек тілеудің барлық түрлері кіреді.

    Аллаһ Тағала адам баласын жаратқаннан кейін оны ескерусіз қалдырмаған. Әрі еркіне де жіберген жоқ. Өз тарапынан тура жолды нұсқап, екі дүниенің бақытын табар Кітап түсірді. Оны түсіндіретін пайғамбарлар (с.ғ.с.) жіберді. Күнә мен сауапты айырып көрсетті. Сонымен, ең ауыр күнә не?

    «Ең ауыр күнә не?» деп сұралғанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Аллаһ Тағалаға серік қосуың, Ол сені жаратты ғой!» деп жауап берген. (Имам Бұқари және Имам Муслим риуаяттарынан). «Кім Аллаһ Тағаладан басқа нәрсеге сыйына жүріп өлген болса, ол тозаққа кіреді». (хадисті Имам Бұқари жеткізген).Қабірдің басына барып марқұмнан медет тілеу, ауруына шипа дәмету, ұрпақ сұрау, Аллаһқа серік қосқан болып табылады. Сол арқылы пенде баласы өзіне зор зұлымдық жасайды. Қабірдің басына кесене тұрғызудың өзі Ислам шариғатына тән емес болып есептелді. Оған марқұмның мүсінін салып, суретін ілу – не шариғатқа, не ақылға сыймайтын амалдар.

    Аллах тағаланың озіне ортақ қосып, өзімен бірге өзгеден де дұға тілеп, құрбан шалып құлшылық еткендердің күнәсін кешірмейтіні мына құран аяттарынан белгілі.

    Аллаһ Тағала Құранда: «Аллаһқа ғана құлшылық қылыңдар. Оған ешнәрсені ортақ қоспаңдар» («Ниса» сүресі, 36-аят) деп, серік қосудың ауыр күнә екенін ескертеді: «Негізінен Аллаһ өзіне ортақ қосуды жарылқамайды. Одан басқа кімді қаласа жарылқайды. Кім Аллаһқа ортақ қосса, расында өте ұзақ адасты» («Ниса» сүресі, 116-аят). Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай бұйырады.«Мұхаммед (с.ғ.с) оларға айт: Алладан өзге сендерге пайда, зиян келтіре алмайтындарға құлшылық қыласыңдар ма?Негізінде Аллаһ әр нерсені естуші, білуші ».(Мәйда сүресі 76-шы аят).

    Өкінішке орай жаратылу мақсатымызды білмегендіктен көп жағдайда өзімізге берілген нығметті сезбейміз және жолымызда кездескен қиындықтарға сабырлық ете алмай жатамыз.

    Соңғы кездері қоғамда рухани тоқыраудың әсері ме, не болса соны сиқырға балап, илану көбейіп барады. Ерлі-зайыптылардың сөзге келіп қалуы, еркектің белсіздігі, сәтсіздіктен көз ашпау, жас келіннің бала көтере алмауы секілді үлкенді-кішілі келеңсіз жайттардың барлығын сиқырдан көру (дуадан) жиілеуде. Өкінішке орай, замандастарымыз арасында мәселені байыбына бармай жатып қит етсе болды «дуалап тастаған ғой» деп тон пішіп, балгер, тәуіп, емші жағалағыштар жоқ емес.

    Халық арасында қалыптасқан, тамыры тереңде жатқан салт-дәстүрлермен бірге шариғат құптамайтын ырымдар, қалыптасып қалған әдеттер де бар. Мысалы, болашақты болжау, балгерлікпен айналысу, құмалақ ашу, өлілерге табынып, олардан қажетін сұрау, әр нәрсені киелі тұтып сиыну, табыну үрдістері мұсылманшылыққа жат қылықтар.

    Болашақты болжау

    Әлі орын алмаған, қашан болатыны белгісіз істер ғайып хабарларына жатады. Олардың қалай болатындығы жайлы сәуегейлік жасап, бал ашу мұсылман танымына керағар келетін теріс әрекет. Қасиетті Құран аяттары мен хадистерде ғайып істер жайлы болжам жасаудың үлкен күнә екендігі ескертілген. Алла Тағала былай дейді:

    «(Уа, Мұхаммед) Алладан өзге көктер мен жердегілердің еш-бірі ғайыпты білмейді. Олар өздерінің қашан тірілетіндерін де сезбейді деп айт» («Нәміл» сүресі, 65-аят).

    Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Кімде-кім балгерге не бақсыға барып, оның айтқанын растаса, ол Мұхаммедке (с.ғ.с.) түсірілгенге (Ислам дініне) күпірлік келтіреді», – деп ескерткен. (Хаким риуаят еткен).

    Әнәс ибн Мәліктен (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай дейді: «Аурудан қашуға да, құстың ұшуына қарап бал ашуға да болмайды. Маған фәәл ұнайды». Сахабалар: «Фәл деген не?» – деп сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.): «Ол – жақсы сөз», – деп жауап берген. (Бұхари риуаят еткен). Ғайып істерді болжауға жұлдыз-жорамалдар да жатады. Бүгінгі күні мына жұлдыздың ықпалы күшті болып, мынадай жұлдыз астында туылғандардың жолы болады, аналардікі болмайды деген сияқты сандырақтар исі мұсылманның сеніміне селкеу түсіретін күнәлі істер.

    Аллаһ Тағала: «Біз адам баласына күре тамырынан да жақынбыз!» («Каф» сүресі 16-аят) деген. Демек, Аллаһ Тағаланың сөзі ақиқат, бізге қабірде жатқан мәйіт емес, Аллаһ Тағала жақын. «Көктер мен жердің иелігі Аллаһқа тән. Сендер үшін Аллаһтан басқа не дос, не жәрдемші жоқ.» («Бақара» сүресі, 106-107 аяттар).

    Сол сияқты қабірді зиярат еткенде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннеті бойынша: біріншіден, марқұмдарға дұға ету, яғни, Аллаһтан өліктің күнәсін жеңілдетуін тілеу, екіншіден өлімді, ақыретті еске алу үшін зиярат етіледі. Сондықтан мұсылман баласы қабірдің басына барып өлген кісіден еш нәрсе сұрамайды, оған сыйынбайды.

    Құранда «Аспан мен жердегі барлық ғайып істерді Алладан басқа ешкім білмейді» деген аят барынескерсек, «Мен, тіпті, бірнеше сәттен кейін өмірімнің қандай боларын білмеймін» деген сөзді де пайғамбарымыз Мұхаммед айтқан. Енді өзіңіз ойлап көріңіз, Алланың ең сүйікті құлдары пайғамбарлар, періштелер ғайыпты білмегеннен кейін, адам қайдан білсін? Өзгенің емес өз өміріне алаңдап жүрген адамнан, біреулердің қолына қарап, бірдеңелерді сандырақтап, тиын санап жүрген жаннан не үміт, не қайыр.

    Алдымен мұндай жағдайларда ә дегеннен «маған дуа жасалды» деп илану адамның жеңіліске даяр тұратын жігерсіздігін көрсетеді. Бұндай адамдар рухтың күрескерлік күшін қолдана алмайды. Қайта үмітсіздікке салынып рухты жасытады. Мұндай жағдайда ең дұрысы – рухани сілкініп, Аллаһпен қарым-қатынасты нығайтуға ұмтылу. Сонда ғана рух қайраттанып, тәнді басқаратын дәрежеге жетеді.

    Дуалаудың бар екендігі ақиқат, алайда барлық нәрсені дуаға сілтей берген де дұрыс емес. Былай етудің соңы Аллаһқа ортақ қосу секілді кешірілмейтін үлкен күнәға дейін апарады. Жоғарыда берілген оқиғалардың астарында дуалау кездессе де, одан құтылудың жолы әсте көріпкел-емшілерге жүгіну емес. Пайғамбарымыз хазірет Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзіне сырттай дуа жасалғанын сезген сәтте, (сахабалардың айтуынша, Аллаһ елшісінің бойынан сол кезде дуаның кейбір белгілері көрінген), «муаууизатайн» деп аталатын «Фәлақ» пен «Нас» сүрелерін оқып, Аллаһқа сыйынған. Осы сүрелерді оқыған сайын сиқырдың әсері азайып, тынысы кеңейе бастаған. Ендеше, біз де мұндай жағдайға душар болсақ, «Фәлақ», «Нас» сүрелерімен қоса «Фатиха» сүресін, «Аятул-Күрсіні» және хазрет Мұхаммедтен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келіп жеткен қосымша дұғаларды оқып, Аллаһқа сыйынғанымыз жөн.

    Сонымен адам баласының фәни дүниедегі ең ауыр күнәсі – Аллаһқа серік қосу екен. Аллаһқа серік қосу дегеніміз – Аллаһтан басқаға ғибадат ету немесе Аллаһқа тілегімді жетізеді деп екі араға дәнекер іздеу. Құранда: «Аллаһқа серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық» («Лұқман» сүресі, 13-аят.) және «Аллаһ Тағала өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаһқа ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болады» дейді. («Ниса» сүресі, 48-аят)Алла бізді Өзіне серік қосудан сақтасын! Барлық ғибадат құлшылығымыз бен дұға тілегімізді тек бір Аллаһқа арнайық ағайын! Бұл дүниедегі ең бақытты адам – Аллаһты бірлеп, Оған ғана құлшылық жасаған адам.
    2 жыл бұрын
  • Ақида таным негіздері аясында маман ретінде кішігірім интерпритация ретінде жалпы концепциясын ұсынған болатынмын! Ал талқыға алып, Самғи хабарлармен Имам Мәтуридидің сенім жүиесі аясында ғана қарастырылған мәселе! Дегенмен, палшы баланың ертеңіне уайымдағаным ғана, кім білсін не күтіп тұрғанын. Діни танымды меңгермеген жандарға ақпарат ретінде бөліскен едім!
    2 жыл бұрын
  • Аллаһ разы болсын сізге Сəке!маш аллаһ.
    2 жыл бұрын
  • АМИН! БАРШАМЫЗҒА!
    2 жыл бұрын
  • Ассаляму алейкум! Мен осы бала туралы естігенмін, бірақ, мен сенбедім және оның дұрыс емес екендігін де бідім. Әкем әрдайым айтып жүреді, тек Алладан ғана сұраңдар деп. Аллаға серік қосуға болмайтынын да кішкентайымнан түсіндіргенінің арқасы ма мен осы сияқты нәрселерге мүлдем сенбеймін!
    2 жыл бұрын