ЖӘННАТТАН ТҮСКЕН ҚАҒБАДАҒЫ ҚАРА ТАС
ЖӘННАТТАН ТҮСКЕН ҚАҒБАДАҒЫ ҚАРА ТАС
Египет Араб Республикасының Профессоры, доктор Халид ас-Сайд Ғаним мырзамен кездескен едім. Бұл сәтті босқа жіберіп алмайын деп, "Жәннаттан түскен Қағбадағы Қара тастың тарихы" жөнінде баяндап беруін өтіндім. 
Профессор Халид Ғаним - Расында Алла Тағала әрбір мұсылманға бес нәрсені парыз қылды. Соның бірі - Қажылық.
Қажылықтың 2 қасиеті мекенмен байланысы бар, олар:
1) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туған жері - Мекке қаласы. Меккеде - Харам мешіті, Қағба, Қара Тас, Зама-Зам суы, Сағи мен Маруа т.б.
2) Пайғамбарымыздың дүниеден өткен жері - Мәдина қаласы. Мәдина қаласында - Пайғамбар мешіті, Бәдір бұлағы, Пайғамбар қазған Хандақ т.б. Сондықтан да Қажылықтың осы аталмыш жерлермен тікелей қатысы бар. Сондай-ақ, Қажылықты өтеуді Пайғамбарымызға (с.ғ.с) Жебрейіл Періштенің Өзі үйреткен. Сол себепті Қажылықтағы барлық амалдар - Алладан болып табылады.
Осы орайда Қажылықтағы - сүннет амалдардың бірі - Қара Тасты сүю.
Исламға дейін арабтар Қара тасты қастерлеп, қасиетті санаған еді.
Бірде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Пайғамбар болмастан алдын, Құрайыш тайпаралары Қағбаны тазалап, Қара Тасты да орнынан қозғалтқан болатын. Қағбаны тазалап болған соң, Құрайыш рулары Қара Тасты орнына қою барысында таласқа түскен болатын. Құрайыштардың 4 ірі, ауқатты рулары өзара тартысып қалады. Сонда Қара Тасты қою мәселесін шешуге ру көсемдері кеңес ұйымдастырады. Олар мынадай шешімге келеді: "Есіктен бірінші болып кірген адамға - 4 рудың қайсы бірін таңдаса - сол қояды",-деп. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) (пайғамбарлық келмеген кезінде) - кеңес болып жатқан есіктен кіріп келеді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с) не істеді?!
Ол (с.ғ.с) өзінің шапанын шешті де рулардың көсемдерін 4 жағынан ұстатып, шапанының ортасына Қара Тасты қойып, - Ал, енді Қара Тасты орнына бірге қойыңыздар,-деп, ешқандай тайпаны ренжітпей, өзінің әділдігін көрсете білді.
Бұл Қара Тас туралы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с):
"Періште Жебрейіл (а.с) көктен Асыл Тасты әкеліп, Қағбаның бір бұрышына орнатты. Алғашқыда ол Қара тас жылтыраған күйінде болды. Адам баласының күнәларымен ол Тас - қара түске айналды",-деген еді.
Әсілінде, Қағбаны алғаш тұрғызған - Адам (а.с), Оны жаңартқан - Ибраһим (а.с) еді.
Осы орайда Қара тастың тарихы мен қасиеттілігі жөнінде сөз қозғай отырып, мұны естіген батыс Еуропа ғалымдары қызығушылық танытқан болатын. 18 ғ. Британдық ғалым Қара тастың бір бөлігін алып, зерттеуге алған болатын. Сонда ғалым зерттеп қараса - жер бетінде бұл тастың элементі, бөлшегі, һәм бұған ұқсас ешнарсе жоқ екенін дәлелдейді.
Ал, бұл болса - Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сөздерінің Растың Расы екеніне бірден бір дәйек. Өйткені, Алланың Елшісі - "Бұл тас көктен түсірілді",-деген еді.
Тарихқа зер салатын болсақ, Қара тас жөнінде деректер аз емес.
Сауд Арабияны Мұхаммед Абдул Уаһһаб жаулап алмастан бұрын - Хижаз деп аталған. Сол кездегі Хижазд елді мекені - Мәлики мәзһабын ұстанатын. Тіпті, Ислам ғұламалары - "لا يفتى ومالك فى المدينة" - "Мәдинада Мәликтен басқасы Пәтуа бермейді",-деген кездер де болған. Мәликия дәуірінде Харам мешітінің имамдарына - Қарамиталар деген бір топ келіп - Бұл тасты неліктен киелі санап, қастерлейсіздер? Оның орнына басқа, таза тас қойсаңдар болмай ма?,-деп уәж таққан болатын.
Сонда Имамдар: "Бұл жай тас емес, жер бетінде кездеспейтін ерекше тас! Бұл тасты суға салсаң - батпайды. Егер, сендер де дәл осындай тас, яғни суға салсаң су бетіне шығатын Тас әкелсеңіздер, онда ТАсты жаңартуға рұқсат етеміз",-дейді. Сонда Қарамиталар әртүрлі тастар әкелген кезде, барлық тастары суға батып, су бетіне шыға алмаған болатын. Осылайша бұл Қара тастың ерекше екендігі және Жәннатан келгендігі айқындала түсті.
Қорыта келгенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл Қара тасты сүйіп, соңына ерген саңлақ сахабалары да сүйген болатын. Қара тасты сүю - Қажылық рәсімі болғандықтан, оны қастерлеу тақуалық болып саналады.
 
Проф. Халид Ғаним 
Сұхбаттасқан С.Тәжібаев
 
HUSAMUDDINHUSAMUDDIN
4 жыл бұрын 11490
5 пікір
Блог туралы
0
39061 39 101 1581 46