ЖАРАТУШЫ ТҰРҒАНДА ЖАРАЛҒАННАН НЕ СҰРАЙСЫҢ?
ЖАРАТУШЫ ТҰРҒАНДА ЖАРАЛҒАННАН НЕ СҰРАЙСЫҢ?

Бүгінгі таңда көзсіз көбелектей жастарымыздың діни сауатсыздығын пайдаланған балгерлікті кәсіпке айналдырған бақсылар мен өзге түгілі өзін де көре алмаған көріпкелдер қаптап кетті. Олардың мақсаттары мен ішкі дүниетанымдары айдан анық екені рас. Дегенмен, оны біліп-білмегендер аз емес.

Кезінде тарих беттерінде «Зындықтар» деп аталатын соқыр сенімдегі топтар болған. Олардың соқыр сенімдері соншалықы – қасиетті Қағбаға қажылықтың орына қабірстан-зират бастарын тауап етіп, Исламның бес парызының бірі – Қажылық ғибадатынан тыйған болатын. Кейін келе ислам ғұламалары, соның ішінде қазақ топырағынан шыққан Қауам ад-Дин ал-Итқани сынды ғұламалар «Зындықтардың қателіктері мен адасулары» жөнінде ереулі еңбек жазып, Зындық атаулысының бұрыстығын исі мұсылман жұртшылығына түсінду арқылы халықтың көзін ашқан болатын. Ғалымдардың исламды дұрыс түсіндірудегі  уағыз-насихаттарының арқасында – тарих сахнасынан «Зындық» атаулысы жойылып кеткен болатын.

Келе-келе елімізде тәуелсіздік алған жылдары діннің кешеулдегені кезеңінде зындық түгілі түрлі бағыттағы идеологиялар мен бақсы-балгерлер - халықтың діннен алшақтаған халін өз мүдделеріне бұрмалап бақты. Осылайша бақсы-балгерлер дін атын жамылып, сыртқы келбеттерін аянышты халге келтіре, жұрттың назарын өздеріне аудару мақсатында – ислам дінімен он емес, ақыр заманға дейін қайнасада сорпасы қосылмайтын ритуалдарды  пайдаланып келді. Бұл барып тұрған – надандық, Құдайдың қаһарынан сақтанбағандық болып табылады.

Балгерлердің келбеті: Көшелерде, аллеялар мен саябақтарда алдыларына дастархан іспетті жайма-үстелдерінде құмалақ, карта және кітаптарын жайып-ашып, сыртқы көріністері жұрттың назарын аударатындай мифтік қаратпа киімдерін киіп – КЕЛ БАЛАМ саған болшағыңды болжап, не алдыңда не күтіп тұрғанын айтып берейін,-деп, я болмаса – Бақытты-бақытсыз болатыныңды айтып берейін, кел құмалақ ашайын, кітап ашайын, карта алдамайды,-деген жарнамаларымен жұрттың назарын аударып алып, әйтеуір бір шайтанның арбауымен өз тұзақтарына түсіріп, халықтың басын қатырып келеді.

Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады? Исламда мұндай нәрсе бар ма? Деген сауалдар да туындауы мүмкін. Бәлки, осы ислам екен деген оймен жүрген жандар бар да шығар?!

Сондықтан да бұған айтарым – Исламда бақсы-балгерлік һәм көріпкелдік құбылыстары – үзілді-кесілді тыйым салынған, яғни күнә істерге жатқызылады. Ислам діні бойынша ешкім де, ешқандай жаратылыс атаулысы, тіпті, періштелердің өзі ғайыпты білмейтіні ақиқат. Қасиетті Құранның өзінде – Ғайыпты Алладан басқасы білмейді,-деген аяттар жетіп асады. Сондай-ақ, періштелер де өздерін Алланың алдында қауқарсыз екендігін мойындайды. Оған ашық та, анық аяттар бар! Құран аяттарын қуаттаған екі әлемнің сардары болған пайғамбарымыздан с.ғ.с жеткен хадистерде жеткілікті.

Сондықтан да біз пенде – біреудің болашағын болжау түгілі – өзіміздің 5 минут алдымызда не күтіп тұрғанын білмейтініміз рас.

Иә, өмір болған соң форс мажорлық жағдайларда болып қалуы мүмкін. Басқа түскен шығарсыз-қиын жағдайларға тап болып қалуымыз да әбден мүмкін. Әлдекім қымбат асыл тас, көп ақша, алтын не бриллиянтын жоғалтқан жағдайларда өзіне орын таппай, соңғы үмітін сынағандай – бақсы балгерлерге барып жатады. Бақсы – балгерлер де кәсіптерін дәлелдеу мақсатында құмалақтарын жайып іздеу салғандай болып, әйтеуір бір жалған ақпараттармен қамтамасыз етеді. (Оларда қайтпайды). Содан соң алданған жан қымбат бұйымдарын жоғалтумен қоса – бақсы мен балгердің қолақысын төлеуге міндеттеле, тағы шығынға ұшырайды.

Дүниелік шығын ғана болса еді ғой, алайда о дүниелік шығынын айтсаңыз. Бес күндік жалғаншы дүниедегі Алла Тағаланың басына берген бір сынағына ұшырай қалғанда – Алла тыйым салған іске барғаны – ең үлкен банкрот! Сондықтан да мұндай жағдайға душар болғанда Аллаға жалбарынып, болған істің хайырын тілеп, ресми түрде құқық қорғау органдарына хабарласып, нәтижесін Алладан күткен – нағыз мұсылмандық, әрі шариғат бойынша дұрыс болмақ!

Айта берсең әңгімесі көп, сөзімізді қорытындылайтын болсақ – асыл дінімізде – бақсы, балгер және көріпкелдер сынды шайтанның кезекті арбау-тұзақтары – үзілді кесілді тыйым салынған!   

Хусам ад-Дин Тәжібаев

HUSAMUDDINHUSAMUDDIN
4 жыл бұрын 3526
1 пікір
Блог туралы
0
39061 39 101 1581 46