ҚҰРАН КӘРІМ - МӘҢГІ МҰҒЖИЗА
ҚҰРАН КӘРІМ - МӘҢГІ МҰҒЖИЗА

Алла Тағаланың кәләмі көркем тілімен, бай өрнегімен, толық мағыналығымен арабтардың өлең-жыр, поэзиясына ұқсамайтын ғажайып құрылымымен ерекшеленетін мұғжиза. Егерде қасиетті кітаптың мазмұнынан бұл ерекшеліктердің біреуі ғана табылса, ол мұғжиза болмас еді. Себебі, арабтардың кей сөздері көркемдікпен, шешендікпен айтылғанымен, онда кемел мағына болмайтын. Немесе, ол өлеңдер көркем сөздермен мағына берсе, ғажайып құрылымы болмайды. Кей жағдайларда, ғажайып құрылымды болып, бірақ көркем сөз бен кемел мағына бере алмайтын. Құран осы ерекшеліктердің барлығын қамтитын – мұғжиза кітап.

Мұны екі түрлі көзқараспен қарастырып көрелік:

Біріншіден, байырғы өткен халықтардың оқиғалары мен қиссаларын баяндайды. Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ол оқиғаларды көрмеді, кітаптарын оқымады, ешкімнен де сұрап алмады. Сондықтан, ол оған тек уахи арқылы ғана берілді.

Екіншіден, болашақта болатын оқиғаларды алдын-ала хабарлауы. Мәселен: «Рим жеңіледі» [1] айтылғандай-ақ болды. Ғайыптан хабар алу тек уахи жолымен болатыны белгілі. Бұл да Құранның мұғжизалығынан.

Құранның мұғжизалығы қанша сүремен болатындығы жөнінде:

Бір топ ғалымдардың айтуынша, Құран толық жинақталған күйінде мұғжиза болады. Құран Кәрімдегі («Тұр» сүресі, 52-аят) «Ендеше, егер олар шыншыл болса, Құран сияқты бір сөз келтірсін». Себебі, сайысқа түсуге  шақыру тек тұтастай Құран Кәріммен болды.

Сол сияқты («Исра» сүресі, 17-аяттарында): «Егер адамдар, жындар осы Құранның ұқсасын келтіруге жиналса, тіпті олар, бір-біріне көмекші болса да келтіре алмайды»,- де

Бір тобы он сүре арқылы болады дейді. «Һуд» сүресінің 13-аят жолдарында: «Сол сияқты жасама он сүре келтіріңдер деп айт».

Ең дұрыс пікір ол мұғжиза әрбір толық бір сүре арқылы орындалады. Сондай-ақ, әрбір толық бір сүре кемел мағынасымен, арабтың басқа сөздеріне қарағандағы көркемдігімен, шешендігімен, ғажайып құрылымымен  ерекшеленеді [2].



[1] Рум сүресі 2-аят.

[2] Ала уд-Дин ас-Самарқанди әл-Асманди. «Луббаб әл-Кәлам». Ишам Яйлан. 2005 ж. 215-б.

HUSAMUDDINHUSAMUDDIN
3 жыл бұрын 2483
0 пікір
Блог туралы
0
39061 39 101 1581 46