Шын жүректен айтылған - "Әлхамдулилләһ" ұғымы!
Шын жүректен айтылған - "Әлхамдулилләһ" ұғымы!

Әрбір мұсылман жан өзінің мұсылман екенін танығаннан соң, Алла Тағаланың шексіз нығметін еске алатыны сөзсіз. Алланың нығметін еске ала отырып, оның шексіз екенін аңғарамыз. Адам баласына берілген нығметтерінің санаққа ала алмайтындарыңыз да ақиқат. Осы нығметтерін Аллаға сансыз мадақ айта отырып, "Әлхамдулилләһ" деп айту – ләзім. Өйткені "Әлхамдулилләһ" деп айтудың өзі - нығмет. Ислам ғұламаларының ыждағаттылықтары мен ереулі еңбектерінде - "Әлхамдулилләһ" сөзін айтқызғандығы үшін де - "Әлхамдулилләһ" деп айтуымыз қажет деген. "Әлхамдулилләһ" деп айта алғандығымыз үшін "әлхамдулилләһ" деп айта алғанымыз үшін де - "Әлхамдулилләһ" деп айту - ләзім болса, онда әрбір тыныс алған деміміздің өзінде "Әлхамдулилләһ" деп айтуда – ләзім болмақ. Дегенмен, Алла Тағаланың шексіз нығметі – адам баласын нығметтерімен бөлеп, оған "Әлхамдулилләһ" сөзін айттыру нығметімен нығметтендірді. Сондай-ақ, Алланың шексіз нығмет иесі екендігі, Мейірімділік пен Мәрхамат иесі екендігіне, аса Жомарт иесі екенінің дәйегі. Әсілінде ақиқаты да осы! Егерәки адам баласы әрбір тыныс алғанына "Әлхамдулилләһ" деп айтар болса, онда бос уақыт болмас еді. Алланың Кеңшілігі соншалықты пенде "Әлхамдулилләһ" деп шын жүрегінен айтар болса - Алла Тағала осы барлық нығметтерінің бір нығметі – қабыл алуы. Мұны түсінгенге Алланың нұры жаусын. Өйткені мұны терең түсіну - Алла Тағаланың шексіз нығметінен.

Әлсіз пенде...

HUSAMUDDINHUSAMUDDIN
2 жыл бұрын 1082
4 пікір