V СЬЕЗДЕ ТҮЙГЕНІМ: ПАЙДАЛАРЫ!
V СЬЕЗДЕ ТҮЙГЕНІМ: ПАЙДАЛАРЫ!

10.06.15 - 11.06.15 Астанада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өткізілген "Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V сьезі" өз мәресіне жетті. Әлемнің түпкір-түпкірінен ат басын бұрып келген дәстүрлі діндер лидерлері жаһандық діни ахуалына қатысты тұшымды ойларымен бөлісіп, өзара ой-пікір алмасып, дін атаулысының бейбітшілік пен адамгершілік құндылықтарына бай екенін дәлелдеді. Дегенмен, әлемдегі болып жатқан діни саяси топтардың әрекеттері талқылаудан тыс қалмады. Рухани қасіретке душар болған ИГИЛ және ИШИМ сынды діни-саяси радикалды топтардың террорлық әрекетінің дін ұғымына қарама-қайшы екені бірауыздан келісілді. 
Дін атын жамылған дінбұзар саяси топтардың қайбірі болса дағы, олардың жетегінде кетудің аса қауіпті екені мәлім болды. Сондай-ақ, бүгінгі ғаламтор желілерінде бейберекет тарап жатқан ақпараттардан сақ болуымыз өзіміз үшін міндет.
Айта кетерлік жайт, Сьезге әлемге әйгілі Ислам ғұламалары да қатысқан болатын. Олардың әрқайсысымен жеке-жеке сұхбаттасқаным бар. 
Сол ғалымдардың дәйекті сөдерінің түйіні - бүгінде әлемдік деңгейдегі радикалды топтар проблемасы - тарихтан белгілі Харижиттік топтарының бір көрінісі екенін мәлімдеді. Дін көшбасшылары сөздерін түйіндей келе, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері сьезінің кезекті отырысының аса маңызды да, діни мәселелердің шешімі екенін дөп басып айтты. Сондай-ақ, ҚР Президентінің ортаға салған пікірі дін көшбасшыларына әсерлі болғандығын мәлімдеді. 
Қорыта келгенде, дәстүрлі діндер лидерлер сьезі ең жоғары деңгейде өтіп, діни мәселелердің шешіміне деген жол ашылғанына куә болдым! 

С. Тәжібаев

HUSAMUDDINHUSAMUDDIN
1 жыл бұрын 645
2 пікір
  • Ассалаумағалайкум, Хусамуддин! Сіз "Айта кетерлік жайт, Сьезге әлемге әйгілі Ислам ғұламалары да қатысқан болатын. Олардың әрқайсысымен жеке-жеке сұхбаттасқаным бар" депсіз. Мүмкіндік болса, сол сұхбаттарыңызды да оқысам деймін. Рахмет!
    1 жыл бұрын
    • Ол кісілермен сұхбатым - Менің басымда ғана сақталған! Бәлки, Е-Ислам сайтынан қарап көрсеңіз болады! Оларға аударып бергендерім бар тұғын!
      1 жыл бұрын