АҚЫЛМЕН ҮКІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮСІНДІРМЕСІ
АҚЫЛМЕН ҮКІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮСІНДІРМЕСІ

Ақылмен үкім беру дегеніміз - тәжірибеге сүйенбестен бір істі екінші бір іспен бекіту немесе бір екінші бір іспен терістеу.

АҚЫЛМЕН ҮКІМ БЕРУ ҮШКЕ БӨЛІНЕДІ:

I - УӘЖИБ (МІНДЕТТІ):
Уәжиб дегеніміз - Болуы міндетті іс, болатынына сенімсіздік таныту мүмкін емес іс. Мәселен, ақылға салсақ: Хақ Тағаланың құдіретті болуы - міндетті.

УӘЖИБ ЕКІГЕ БӨЛІНЕДІ:

І.  ДАРУРИЙ ;
ІІ. НАЗАРИЙ ;

УАЖИБ ДАРУРИЙ - Ақылдың бір нәрсені ешбір дәлелсіз, күмәнсыз қабылдауы. 
мысалы: әке баласынан бұрын дүниеге келуі. Бұны дәлелдеу қажет емес, себебі, ақылымыз әкенің баласынан бұрын дүниеге келуіне күмансыз сенеді және күмандануы да мүмкін емес.

УАЖИБ НАЗАРИЙ - Адамның бір нәрсе жөнінде міндетті түрде ойланып, дұрыстығына көз жеткізіп, ақыл таразысына салып қабылдауы.
Мысалы, Хақ Тағаланың әуелден бар болу мәселесін негізге алайық. Алла Тағаланың бар болуы - міндетті, бірақ кез - келген адам мұны бірден қабылдай бермейді. Себебі, бұл - дәлелдеуді қажет етеді., бірақ міндетті түрде Хақ Тағаланың барлығына илануға тиістіміз.

II - МУСТАХИЛ (МҮМКІН ЕМЕС):
Мустахил - болуы мүмкін емес немесе олай болуын ақыл мүлдем қабылдамайды.
Мысалы, Ұлы Жаратушының ілімсіз болуы мүмкін емес. Себебі, Алла Тағаланың асқан білгір екенін ақылымыз күмән келтірместен мақұлдайды.

Мустахилда екіге бөлінеді:

ДАРУРИЙ;
НАЗАРИЙ;

МУСТАХИЛ ДАРУРИЙ - болуы мүмкін емес нәрсені ешбір дәлелсіз ақылдың қабылдауы.
Мысалы, қандай да бір болмыс бір 
уақытта қозғалыста және тоқтап тұр деу мүмкін емес.

МУСТАХИЛ НАЗАРИЙ - болуы мүмкін емес нәрсені дәлелдегеннен кейін ақылдың теріске шығаруы.
мысалы, Алла Тағаланың ұқсасының болуы немесе басқа нәрсеге ұқсауы мүмкін емес.

ІІІ - ЖӘЙІЗ (БОЛУЫ МҮМКІН):

ЖӘЙІЗ - болуы да болмауы да мүмкін нәрсе. Бұл да өз кезегінде екіге бөлінеді:

ДАРУРИЙ;
НАЗАРИЙ;

ЖӘЙІЗ ДАРУРИЙ - Бар болуында, жоқ болуын да ақылдың ешбір дәлелсіз қабылдауы. мысалы: күннің жылып, салқындауы.

ЖӘЙІЗ НАЗАРИЙ - Бар болуында, жоқ болуында ақыл қабылдайды, бірақ дәлелді талап етеді. 
Мысалы: Алла Тағаланың пайғамбарлар жіберуі.

HUSAMUDDINHUSAMUDDIN
2 года назад 706
2 комментария