МҰХАН ИСАХАН: ПАЙҒАМБАР ﷺ АҚИДАСЫ КІТАБЫНА РЕЦЕНЗИЯ
Кәлам ілімі ислам дінін танып білу мәселесіндегі негізгі тақырыптардың бірі екені белгілі. Сонау Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дәуірінде мүнәпықтар тобының пайда болуымен һәм «Сиффин» бұлғағында иман мен амалды тұтас санаған харижилердің тарих сахнасына шығуымен ақида мәселесі мұсылман үмбетінің күн тәртібінде тұрған маңызды тақырыпқа айналды. Хижраның ІІІ ғасырында ислам діні әлемнің үш континентіне таралып, ескі діни және философиялық мектептердің әсерінен ислам атын жамылған дүбара сенімдегі жабари, қадари, муржи, муғтазали, ғулат, каррами, мушаббиһ-мужассим және...