ЕРЛАН АКАТАЕВ КІМ?! Айтпақшы үнемі осы кісі жайлы айтамын деп ұмытып кете беремін. Бұл кісі менің замандасым. Балқаш жақтың тумасы. Нұр-Мүбарак университетінің ең алғашқы түлектерінің бірі. Әрі сонда қалып бізбен бірге шамамен он жылдай ұстаз болып талай шәкірт тәрбиеледі. Шәкірттерінің алды қазір докторлық диссертация қорғауда. Көптеген шәкірттері имамдық қызметті адал атқаруда. Алғашқыда шәкірт болса да кейіннен әріптес болып бір бөлмеде мысырлық ғалымдармен бірге істестік. Ұстаздар арасында үлгілі ұстаздығымен және тақуалығымен танылған. Араб тілін терең меңгерген. Фиқһ және тәпсір саласын бір мысырлықтай терең біледі. Бұл күнде қаланың бір шетінде ғаріп бір мешітте тәпсір дәріс-уағызын өткізіп жүрген жайы бар. (Мешіті өзі тәрізді ғаріп шамасы жиналатын халық та сол мешітке көмек бере алмайтындай ғаріп...) Бас Муфтидің рұқсатын алған. Уағызын тыңдауға күншілік жерден келеді. Әбу Мансурдың "Тәухид" кітабын жақсы меңгергендігімен де танымал. Кейбір адамдар арасында ол жайлы "сәләф" деген алып-қашпа, жел-буаз сөздер бар. Алайда ол өзінің мәтуриди мектебінде екендігін айтқанда одан куә сұраған. Сонда ол Алла мен оның соңғы елшісі әләйһиссәләмды куә еткен. Ол сәләф болса онда онымен көп жылдар бірге болған біз кім болдық? Бірақ оған тас лақтырғандар сол тастарының бірін маған да лақтыратын көрінеді. Ендеше елеңдеудің қажеті жоқ. Бізге тас лақтырғандарға біз гүл лақтырайық. Иә, осылай істеу, жасау Пайғамбар аләһиссаләм сүннеті. Доктор Аталар және пақыр кепілміз. Уәссәләм.
ИСЛАМТАНУШЫ: МУХИТДИН ИСАҰЛЫНЫҢ ПАРАҚШАСЫНАН