ХАҚ ТАҒАЛА: ОСЫНЫҢ БАРЛЫҒЫ - МЕНЕН ЕКЕНІН ТҮСІНСЕҢ БОЛДЫ!
ХАҚ ТАҒАЛА: ОСЫНЫҢ БАРЛЫҒЫ - МЕНЕН ЕКЕНІН ТҮСІНСЕҢ БОЛДЫ!

Алла Тағала бізді жоқтан бар қылды! Иә, ол рас! Сондай-ақ, жаратып қоя саласымен бізге ауыз бен мұрын секілді дене мүшелерімізді жаратты. Дене мүшелерімізді жаратып қана қойған жоқ, онымен қоса нәпақамызды да бірге қосып берген Аллаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын! Демек, Алла Тағала пендесін жарата салысымен, оның аузын жаратса, оған қосып оның жеп-ішуі үшін рызық несібесін, тағамды жаратып, оны да жоқтан бар қылды. Негізінде бүкіл жаратылыс атаулысы жоқтан бар болды. Яки, әлемді, бүткіл жаратылысты жартушы кім деп сұрасаңыз, әлбетте ішкі дауысыңыз - Алла деп жауап береді. Егер Алланың жаратушы деп таныған жан Оның Жалғыз екенін түсінеді. Ал Жалғыздық сипатына ие болған Жаратушы Иеміздің жаратқан жаратылыстарын, нығметтерін санайтын болсаң, оның санын білуге жай жаратылған қауқарсыз. Осы қауқарсыздық, әлсіздігіңді мойындасаң, онда Оның шексіз Құдірет Иесі екенін білуің қажет! 
Осы орайда пайғамбарлар қиссаларында келген Мұса пайғамбардың (а.с) қиссасын еске түсірейік:
Бірде Мұса пайғамбар Алланың берген нығметтері туралы ой жүгіртіп тұрып, Аллаға жалбарынады. Содан Ол: Уа, Алла Тағала! Сенің ғана құзіретіңде, билігіңде болған нығметтерді Өзің жаратқан Адам баласына бағындырдың. Осы сансыз нығметтеріңді адам баласына нәсіп қылдың, біз сондай әлсізбіз, еш пәрменіміз жоқ, осының барлығын бізге бойұсындырып тұрып, бұл берген нығметіңді қалайша қайтарамыз? Қалай өтеп береміз,-деп мұңайя түскен елшісіне Алла тағала былай деп жауап береді: 
ОСЫНЫҢ БАРЛЫҒЫ - МЕНЕН ЕКЕНІН ТҮСІНСЕҢ БОЛДЫ!,-деген екен! Міне, көрдіңіздер ме?! Дәл осы мезеттегі жеткен жетістігің, рызық-несібең, пәрменің мен парасатың, ой-өрісің, тынымсыз әрекеттеріңнің барлығын берген - Бір Алла Тағала! Алла Тағала сені жарата сенің рызығыңды қоса жаратады. Рызығыңды жарата қоймай сенің әрбір іс-әрекетіңді жарататын Алла Тағала! Кейде пенделікке салынып: Өзім, өзім жеттім, өзім таптым, ақылымның арқасында, әрекетімнің арқасында, өзім бәріне қол жеткіздім,-деп уәж айтасың?! Алладан асқан күш қуат жоқ! Неткен пенде едің?! Егер жоқ болсаң, бар болып, болмауыңның өзі сауалдың үстінде болған бар болуыңда, жоқ болуыңда, жаралып, жаралмауыңның өзі - өзіңе белгісіз бола тұра өзіңді ұмытып, жоқ болғаныңда, мүлдем осы жалғаншы фәни дүниеге келуіңнің өзі Жалғыз жаратушы Алланың бол деу ғанасында болған, шыбынның қанатындай, тіпті, шыбынның қанатының 1 молекуласының құрамындағы 1 атомына татымайтын нәпсіңді қалайша дәріптеп, жаратқан Иеңді ұмытасың? Сол үшін саған Алла тағала - сенімді де, сүйікті Елшісін жіберді, шариғатын, ғайыптан хабар жіберді. Иман нұрын сыйлады емес пе?! Сондай-ақ, Алла тағала екі дүние бақытына жетелейтін сыйын жібере салысымен, сені мәжбүрлікке салған жоқ еді. Саған ақылды берді. Ойлансын, ақ-қара, оң-сол, дұрыс пен бұрысты ажыратсын, танысын, өзін танысын, өзінің кім екенін, жоқтан бар, бардан ертең жоқ болатынын, қайдан келдім, қайда баратынын ойлансын деді. Осы сұрақтарды пақыр жанның бойында ояндыра Өзін танытты, содан соң жауабында берді. Ол: Жындар мен Адамдарды тек құлшылық үшін жараттым,-деді. Бұл аятқа қарай салып, не түсіндің? Алланың осы екі жаратылсты жаратқанын ғана байқап қалған боларсың. Бұл қасиетті аят жолында сені мен қоса сенің бүкіл істеріңді, ішіңдегі пиғылыңның таңдауына сай жаратты. Алла бәрін жазып қойған дейсің?! Иә, жазғаны рас. Алайда, Ол саған титімдей таңдау еркін берді. Сол таңдау еркіңнің нені таңдайтыныңды Өзінің Ұлылығымен, Шексіз Білім сипатымен әуелден білген еді - сенің нені таңдайтыңды! Сол үшін де - әрбір ісіңді жаратушы һәм жүзеге асырушы Алла Тағала! Сен Оған мұқтаждығыңды сезініп, танып, ой жүгіртіп, ішкі дүниеңнен есеп алып, әрбір ісіңді ақыретіңмен сабақтастырғайсың. Осыны ой түйсігіңмен саралай отырып, әрбір басар қадамыңды жақсылық пен ізгі амалдармен орындалуын және Жаратқанның Сәттілік Тауфиғын сұра!

HUSAMUDDINHUSAMUDDIN
9 лет назад 4109
0 комментариев
О блоге
0
39061 39 101 1581 46
Прямой эфир