Хусамуддин: Исламдағы әділдік!
Хусамуддин: Исламдағы әділдік!

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендердің бірің адамдардың арасында қазылық қылса, араларында назар аударуында, ишарат етуінде, отыруында тең қарасын», – деген. Осы секілді басқа хабарларда: «Біреуіне екіншісіне қарағанда даусын қатты көтермесін», - деп те келеді. Ендеше, асыл дінімізде әділдіктің орасан зор орнын көрсететін саңлақ сахабамыз Әлидің (р.а) басынан өткен оқиғасын еске алайық:

Бір яһуди Әли ибн Әби Талибтің үстінен шағымданып, Омар ибн әл-Хаттабқа келеді. Әли Омардың алдына келіп отырғанда, Омар: «Уа, Әбу әл-Хасан! Тұр да, қарсыласыңның жанына барып отыр»,– дейді. Али айтқанын орындайды. Мұсылмандардың әміршісі Алидің жүзінен ашу мен қобалжу белгілерін байқайды. Дегенмен қазылық біткенге дейін байқамаған сыңай танытады. Сосын Алиге: «Уа, Али, қарсыласыңмен бірге қойғанымды ұнатпай қалдың ба?» – дейді. Сонда Әли: «Жоқ, менің қобалжу себебім, сен мені кунияммен (Әбу әл-Хасан деп) шақырып, қарсыласымды олай шақырмай, екеумізге тең қарамадың. Содан яһудидің мұсылмандардың арасында әділдік жоғалған екен деп ойлап қалуынан қорықтым»,– деген. Өйткені, Омардың Әлиді «Уа, Әбу әл-Хасан!»,– деп шақырғаны секілді, арабтарда куниямен, яғни «пәленшенің әкесі» деп шақыру, сол кісіге деген құрметтің белгісі болып табылған екен!

С.ТӘЖІБАЕВ! ХУСАМУДДИН

HUSAMUDDINHUSAMUDDIN
10 лет назад 5082
0 комментариев
О блоге
0
39061 39 101 1581 46