ИМАМ МАТУРИДИДІҢ ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҒЫ
ИМАМ МАТУРИДИДІҢ ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҒЫ

Жастайынан ілім алуға құштар болған, Құран мен хадисті жетік меңгерген, тізбегі Әбу Ханифаға, Әбу Ханифадан - Пайғамбарымызға ﷺ тірелген, Әһлү сунна ғұламасы - Әбу Мансур әл-Матуридидің кішіпейілділігі туралы Бұхаралық Әбу Мұхаммед ар-Риғдамуни (IV/Xғ.) баяндайды:

"Билікпен қарым-қатынасы түзу болған Әбу Ахмед әл-Йади, ұстазы имам Матуридиді бір қызметкердің үйіне қонаққа алып барады. Үйге кірісімен үй иесі ғалияны ұсынады. Ғалия деген - сол кездері үйге бай дәулетті адамдар қонаққа келгенде «Ғалия» атты хош иісті қара түсті затты ұсыну Самарқандықтардың дәстүрі болған. Имам Матуриди наразылығын білдіріп, хош иісті қолданудан бас тартады. Оған қарамастан үй иесі имам Матуридидің рұқсатынсыз атының құйрық-жалына жағып, қоя береді. Сонда, имам Матуриди үйіне қайтпақ болған сәтте атының құйрық-жалынынан ғалияның иісін байқап қалады да жалыннан ғалияның иісі кеткенше орнынан тапжылмастан аттың құйрық-жалынын жуғызған екен. 

Дереккөз: Әбу Мансур Матуруди мұралары. 

© Серік Тәжібаев

HUSAMUDDINHUSAMUDDIN
6 лет назад 5270
0 комментариев
О блоге
0
39061 39 101 1581 46