Ұшаққа мініп, көтерілген кезде кей адамдарда құлақтары бітеліп қалатыны бар. Әрине, түсінікті көпшілік адамдарда болатын құбылыс. Алайда, ұшақтан түсіп келе жатқан кезде - кейбір адамдарда бастың маңдай жағындағы тамырлары жарылып кететіндей көрінеді (Ужасный боль). Өзімде де солай, әрдайым ұшаққа мінген кездегі ең қорқатыным - Басым жарылып кетпесе болғаны деп уайымдап отырам...
Әйтеуір, жерге қонған соң есімді 20 минут бойы жиған соң ұмытылып та кетеді. Дегенмен, ұшақтың түсіп келе жатқандағы Бастың ауыруын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өте қатты ауырады...(Сөздің шыны керек!!!)
Осылайша ұшақтың түсу сәтін әрдайым ұшаққа мінерде уайымдап, қорқып, туу ... бекер міндім, поездбен бара салу керек пе еді?! деген ойларда келеді...
Содан соң мен не істедім?
Ең әуелі мен ұшақтағы жолсеріктерден сұрастыра бастадым...Оларға мен: Кешіріңіз, Құдай үшін жауап берсеңіздер?! Қазір ұшақ қона бастағанда - БАСЫМның маңдай жағы Жарылып кететіндей қаатты ауырады не істесем болады? десем...
Олар бір-біріне қарап: Довления ғой, ештеңе етпейді, бірі - Көк шай іш деп қояды...енді, бірі - соратын кәмпитін әкеліп береді...
Әдеттегі ісқой олар үшін, өздері үйреніп қалған...Аса, проблема көрмейді...
Сосын не істедім? Ғаламторда "GOOGLE" көкемізден сұрадым...Қарасам, мұндай сұрақтармен хабарласқандар ӨТЕ көп екен...Бірінің сұрақтарын бірі оқып, өзара - Бастарының мүмкін емес деңгейде ауыратындығын жазысысып, шешімін, эфекті беретін жауап жазғаны жоқтың қасы...Енді, біреуі - әй, ұшқыштар! ЛОР-ға көрінсеңдерші!,-деген жазбаны да оқып, бір күліп алдым..
Неғыласың енді?! Бардық сол ЛОРына - Барғанда олар теориямен әңгімені жіберді...Дұрыс қой, енді теория да керек...Дегенмен, пайдалы әсерін байқамадым...
Олар көбінесе - Мұрныңды жауып, "мхік" деп ауаны итер, сонда Құлағың ашылып, жақсы боады дейді...
Енді, біреуі берілген соратын кәмпитті жесең ауа жүретін жолдар мен есту құралы ретке келеді дейді...
Енді, біреуі - арнайы дәрілер бар, ұшпастан алдын қабылдап алсаң - қояды дейді...
Шыны керек - Бәрін жасап көрдім пайдасы болмады...
Интернеттегі сауал қоюшылардың да пікірлері дәл менікіндей екен...Осылайша, жүрдім қорқақтап, ұшақ десе тіпті, есім кететіндей халге де жетті, кейде ұят - қасыңдағы адамдардан ыңғайсыз - жалғыз өзің Басыңды ұстап, айғайлай жаздайсың, Басыңды қолыңмен қысып алып, ешқандай Выход жоқ тәрізді көрінеді..Сосын ішіңнен біттім, біткенім деп те қаласың...
Бірде, Астанаға барарда - алдыңғы қатардан орын берілген екен... Қасымда Ағам бар тұғын...Оған айтып қоям уайымымды...Олда қолдан келгенше дұрыс нәрсе айтып жатыр..Дегенмен, басымнан өткеннен соң ...МММ...деп отыра бердім...
Сөйтіп, ұшақ ұшты - ұшып барам, аман есен көтерілдік, сөйлесіп отырып, уақыт өтіп кетті, қонатын кезде келді..Енді, кәлимамды айтып, әлгі "Ужасный больді" күтіп отырсам, ұшақ қонып жатсада - БАС АУЫРУ ЖОҚ! Массаған, бұл не тағы?! Неге ауырмады?! деп таңырқадым...Сөйтсем Бас ауырмайтын жол-тәсілін тапқанымды сезіндім...Қуанғаным соншалықты...Жақсы көңіл күймен жүрдім сол күні..
Сапар біткеннен соң - қайтатын да уақыт келді. Не қылдым? Қайтарға орным орта жақтары екен. Сосын регистрациядағы қызметкерлерге жағдайды түсіндірдім...Олар, өте сыпайы жауап беріп, ақыры орын таппаған соң - алдыңғы аварииный орындардан берді...Бизнесс классқа әркімнің жағдайы жете бермейтіні аныққой...Сондықтан алдыңғы қатарлы аварииный орынға отырдым!
Сөйтіп, қайтарсын да Бас ауырыу болғаны жоқ! Уф, Құдайға мыңда бір шүкір айтып, Тәжірибемен "Ужасный больдан" айығу жолын таптым!
Білмей жүргендер болса - Сіздерге айтарым - ЕҢ АЛДЫҢҒЫ бірінші қатарға отырыңыз...Сосын эфектін көресіз!
Осының бәрін жазбай-ақ, қойсам болар еді. Дегенмен, Білмейтіндер, осындай халге түсіп, айығу жолын таппай жүргендер бар шығар деп, оларды түсінген соң жаздым! Ал, енді сәтті сапар! Тәжірибе, һәм эксперименттен өткен тәсілді қолданып, ұшаққа отырудан қорықпай-ақ қойыңыздар! Ағайын!
(Бастан өткен оқиға) оңтайлы нәтижесімен!