ЖҮРЕК АЙНАСЫ
ЖҮРЕК АЙНАСЫ
"Расында, денеде бір кесек ет бар, ол түзу болса, қалған дене бүтіндей түзеледі, ол бұзылса, қалған дене түгелімен бұзылады. Ол – жүрек"
Алланың Елшісі Мұхаммед салла Аллаһу алейһи уа сәллам! (Бухари, Муслим)

           Құлдың жүрегінде мына нәрселер болса – жүрек тынышталмайды екен.

      Оларға:

- Бірде көреалмаушылық жасап қойса;

- Бірде өзгелерге өзін сүйгіземін деп рия жасаса;

- Бірде адамдарды кемсітіп қойып, тәкаппарлық танытса;

- Бірде өз-өзіне таңданып, тамсанатын болса;

- Бірде адамдардың мал-мүлкіне қол сұқса;

Осылайша, бірте-бірте жалғаса берсе...

Егерәки адам баласы осы аталмыш нәрселерден жүрегін тазартатын болса, онда жүрегі тыныштық тауып, рақаттанып, демалады екен. Өйткені, ол өз істерімен аталмыш машақаттардың сұлтанына айналады. Яғни, өз нәпсісін бағындырмақ. Ал нәпсісін бағындырған адамды Хақ Тағала жүрегіне тыныштық ұялатып, иманның ләззәтін береді екен. Сондықтан да ислам ғұламалары – 3 нәрседе иманың ләзәті болады, кімнің бойында осы ләзәттің дәмін сезбеген болса, онда ол адамның дінінің мәнісі болмайтындығын айтқан.

Олар: Намаз, Алланы еске алу және Құран Кәрім.

Осы орайда Рамазан әл-Бути (Оны Алла рақымына бөлесін):

Әлдекім оқыған намазынан ләззат алмаса, Алланы еске ала отырып, оның ләзатын сезбесе, Құран оқып одан ләзат алмайтын болса, онда оның дінінің мәнсіз екенін аңғартса керек. Тіпті, «Алладан басқа тәңір жоқ» деп айтсаң-дағы, оның ұстанған дінінің мәні болмайды. Себебі, ол адам тілге тиек еткен дүниесін – тіл деңгейінен жүректің деңгейіне түсіріп, бекіткені жоқ еді. Дін алғышарттары болсын, мейлі дүниелік нәрселердің өзін жүректің деңгейіне түсірмеген болса, онда оның бойынан көрініс таппайтыны рас. Себебі, жүрекке кірмеген дүние маxаббаттан ада. Сол сияқты, кәлиманың өзін тілмен айтып, жүрегіңмен қабылдамасаң, онда оның тіліндегісі ешқандайда пайда бермесі сөзсіз.

Сол себепті де ғалымдарымыз дінінің таразысы, һәм діннің өлшемі ретіндегі көрсеткіші ол – намаздағы қорқыныш, Алланы еске алудағы сенім, Құран оқудағы ләззатты сезіну. Осы аталмыш өлшемдерді жүректің деңгейіне сіңіргенде ғана – көреалмаушылық, тәкаппарлық, ғайбат секілді жүректі қарайтатын жағымсыз атаулысын жойып жібереді екен. Демек, жүректің деңгейінде иманның ләзатын сезбесеңіз, онда жүректің дұшпандары жүрегіңді жаулап алды деген сөз!

 

Хусамуддин: Серік Тәжібаев

HUSAMUDDINHUSAMUDDIN
8 жыл бұрын 15166
0 пікір
Блог туралы
0
39061 39 101 1581 46