ТАЛИБАНДАРДЫҢ АҚИДАСЫ - ӘШҒАРИ МА? (Салафиттерге жауап:)
ТАЛИБАНДАРДЫҢ АҚИДАСЫ - ӘШҒАРИ МА? (Салафиттерге жауап:)

ТАЛИБАНДАРДЫҢ АҚИДАСЫ - ӘШҒАРИ МА?

 Салафиттерге ғылыми-талдаулық жауап:

Талибан – 1994 ж. Қарашасында Ауған да құрылған ислами қозғалыс. Негізін қалаушы - 31 жасар Молла Мұхаммед Омар. Құрылымы – Пәкістан шекарасындағы медреселерде өскен Пуштун жастары.

Талибандардың ақидасы Әшғари ма? Матуриди ма? Әлде Салафилік – Ибн Таймия, Ибн Қаюм және М.Абдул-Уаһһаб па?

Талдау:

1) Талибандардың діни тәлім алған медреселері - Деобанд делінеді. Бірақ, таным тұғырлары - Құран және сүннет (сахих сүннет) деп келеді. Демек, Деобандтан шыққан Талибандардың ақидасы - Ибн Таймия мен Ибн Жаузия ақидасы! Кейбір деректерде, Ханафилікке жақын десе де, ханафилік бағытымен ұштаспайтын тұстары көп:

Олар: Біріншіден, Талибан - саяси бағыттары бар. Ал, дін саясатқа араласпайтына баршаға мәлім!

Екінші, жазықсыз адамды өлтіру - күллі адамзатты өлтіргенмен тең, - Құран аятына сай - ханафилік мәзһабының Қайнары Құран мен хадис. Демек, ханафи мәзһабы Құран мен хадистен басқасы немесе қайшылық болса - ханафилік деуге келмейді!

Үшінші, Талибандық Наиб Жамил Рахманның күәлік етуі бойынша - ақидасы Ибн Таймия және Ибн Қаюм әл-Жаузи, Мухаммад Абдул-Уаһһабтың кітаптарына негізделетіндігін айтып, сондай-ақ Деобанд оқу орнында - Хадис ілімін ғана мойындайтындығын айтады!

Талибандық Наиб Жамил Рахман жөнінде деркеккөзде былайша күәлік еткен:

الشيخ غلام الله: بسم الله الرحمن الرحيم، الحمد لله وكفى، والصلاة والسلام على عباده الذين اصطفى وبعد: إخوتي الأحباء: اسمي: غلام الله رحمتي، من أفغانستان من مديرية قندز، وأنا كنت خريج مدارس الديوبندية، وبفضل الله ورحمته طالعت كتب التوحيد وكتب أهل السنة مثل كتب شيخ الإسلام ابن تيمية والشيخ ابن القيم وكتب الشيخ محمد بن عبد الوهاب النجدي، وسرت بمذهب أهل السنة والجماعة، وتعرفت على التوحيد بأقسامه وعلى ما يضاد التوحيد من الشرك وأنواعه، وبعد وصولي إلى العقيدة الحقة وفقني الله لبيانها في أفغانستان في منطقة قندز، وحُبست بسبب ذلك في عهد ظاهر شاه عشر سنوات متواليات باتهامي بأنني رجل وهابي ومنكر للطرق الصوفية وغير مقلد، وكان لي هناك مدرسة، وكنت ألقي فيها الدروس.

 

Төртінші, егер де Талибандардың ақидалары әһлу сунналық Әшғари мектебі болатын болса - онда неге Ибн Таймия ақидасындағы ДАЙШ содырларымен бірігеді?!

Біріккендігі жөнінде дерек - Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында орналасқан Пешвар қаласында ИГИЛдың офистары бар екені нақтыланады. Яғни, ДАЙШ содырлары Пешварда Талибандарды ИГИЛ-ге жаппай шақырған.

Бесінші, мақсаттары - Ислам мемлекетін құру; Ислам мемлекетін құру - саяси әрекет болып есептелсе, Радикализм, экстремизм, сепаратизм, деструктивтік сипаттары сайма-сай!

Алтыншы, кейбір сарапшылар Др. Флоранстың айтуы бойынша - Талибанда - әл-Каида ұйымына жақындау, өйткені әл-Каида ИГИЛ-ға қарсы деген. Алайда, Талибан мен ИГИЛ-дің идеологиялық сәйкестіктері бар,-деген. Демек, мұндағы идеология деп отырғаны - Ақидалық негіздерін айтып отыр! Ал, ИГИЛ-дың ақидасы - Ибн Таймия мен М.Абдул-Уаһһабтың идеологиясына негізделеді.

Жетінші, Талибанның «Пуштунәли» деп аталатын пуштундық әдет-ғұрыптары исламдық ұстанымдардан жоғары қойылғандықтан, ұлттық ғұрыптар жойылды. Қазіргі псевдо-салафизмнің де бірден-бір сипаты – қазақтың әдет-ғұрыптарын жоққа шығару. Бұл жөнінде талқыламсам да болады – баршаға мәлім!

Қорытынды, Талибандар – Салафи-уаһабилік түсініктен әсерленгендіктен ханафилік мәзһаб ерекшелігімен ұқсастығы жоқ! Себебі, ислам дінін қатқыл бейнеде, селқос түсінетін Талибандар өз халқына есепсіз зұлымдық жасады. Басқаша айтқанда Исламды әлемге жексұрын етіп көрсетті. Ал, сенім негіздері – Ибн Таймия, Ибн әл-Қаюм әл-Джаузия және Мухаммад Абдул-Уаһһаб – салафилік принциптер. (М.Абдул-Уаһһаб – Вахабизм идеологиясының негізін салған адам).

Ескерту: ҚР Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес - «Талибан» қозғалысы экстремистік және террористік ұйым ретінде танылды.

Жадынама: Талибандардың әрекеттері, ақидасы, медреселері – қазақ даласында сан ғасырлар бойы келе жатқан Ханафи мәзһабы және Матуридилік сенім негіздері мен салт-дәстүрімізбен ешқандай ұқсастық та, мың емес – ақыр заманға дейін қайнаса да сорпасы қосылмайды!    

Докторант PhD Серік Тәжібаев

 Келесі мақала <Талибандар Матуриди ақидасын ұстанады ма?!> С.Тәжібаев; 

HUSAMUDDINHUSAMUDDIN
8 жыл бұрын 11859
0 пікір
Блог туралы
0
39061 39 101 1581 46