ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ; ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ФАКТОР!
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ; ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ФАКТОР!

Кез-келген ел үшін дін саласындағы мәселелер  –  өзекті және маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы бүгінгі діни жағдай, басқа елдердегі сияқты көбіне елдің ішіндегі және одан тыс саяси, экономикалық және құқықтық жағдайға тікелей байланысты. Сонымен қатар, ол мемлекеттің ішіндегі этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасқа да тәуелді.

Бұл тұрғыдан біздің мемлекетіміз тәуелсіздік алған уақыттан бері қоғамдық-саяси және экономикалық тұрақтылығымен, әртүрлі ұлт пен ұлыс, конфессиялар арасындағы сенім және өзара түсіністікпен ерекшеленетіндігі мәлім. Бұған Республика тарапынан конфессияаралық сенім мен қоғамда қалыптасқан толеранттылық ахуалына, сындарлы сұхбатқа қолдау көрсету және діни экстремизмнің алдын алу шаралары жүргізілуде. Қазақстанның көпшілік мойындаған жетістігі болып, халықтың барлық топтары өкілдеріне экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани даму мүмкіндігі бірдей қамтамасыз етілген демократиялық және зайырлы мемлекет түзе алуы болып саналады. Этносаралық және конфессияаралық келісім қағидаттары орталық мемлекеттік органдармен қатар, аймақтарда да жүзеге асырылып отырады.

Діни келісім саласындағы Қазақстан тәжірибесі бірегей екендігін атап өткен жөн. Қазіргі қоғамда қай мемлекеттің болмасын ең қымбат та басты құндылығы, ол – қоғамдағы тұрақтылықтың сақталуы. Соңғы екі онжылдықтағы әлемдегі түрлі құбылыстар қоғам тұрақтылығына өте үлкен әсер етіп отырғаны баршамызға аян. Тұрақтылығынан айырылған қоғам, болашағына деген сенімінен үміт үзген қоғам. Ол қоғамның тұрақтылығы ондағы жер қойнауының қазба байлығы, халық саны, не ел мекендеген жер аумағы мен жағдайына байланысты емес әрине. Тұрақтылық пен ұлтаралық сенім бар жерде ұрпақ тәрбиесі мен оның ғылыми жетілуіне басты назар аударылатыны да белгілі.

Қоғамдағы тұрақтылықтың мызғымас негізі – ұлттық құндылықтарды сақтай және дамыта отырып, толеранттық, сыртқы әлемге ашықтық, диалогқа ұмтылу мен қауіпсіздікті сақтау мәселесінің тиімді жүргізілуі. Бұл мемлекет үшін ұйымшыл қоғамнан асқан тіректің жоқ екенін аңғартады. Себебі, қазіргідей күрделі кезеңде мемлекет өміршеңдігінің ең басты факторына айналған тұрақтылық – қоғамдағы татулықтың жемісі, ұлттар арасындағы келісім мен достықтың алтын тамыры. Бұл міндеттердің орындалуы да жастарды отансүйгіштікке баулып, патриот етіп тәрбиелеу қажеттілігінен туындайды.   

HUSAMUDDINHUSAMUDDIN
9 жыл бұрын 6269
1 пікір
Блог туралы
0
39061 39 101 1581 46