Британияда болған оқиға!
Британияда болған оқиға!

Бір британдық жігіт мұсылман ғалымынан: «Неліктен Исламда әйел адамға бөгде ер адамдармен қол алысып амандасуға тыйым салынған?», – деп сұрайды.
Сонда ғалым: «Елизавета патшайыммен қол алысып амандасу мүмкін бе?», – деп сұрапты.
Әлгі жігіт: «Әрине белгілі бір адамдардан басқаларға мүмкін емес», – деген екен.
Ғалым: «Бізде әйел адам да патшайымдар іспеттес, кез келген ер адамдар олармен қол алысып амандаса алмайды», – деп жауап беріпті.
Сосын әлгі кісі ғалымнан тағы да:
«Неліктен сендерде әйел адам денесін, басын жауып жүреді», – деп сұрайды.
Мұсылман ғалым жымиып, қолына екі кәмпит алып, бірін ашып, бірін ашпай екеуін жерге тастай салады да Британдық жігітке: «Егер сенен жерде жатқан екі кәмпиттің бірін ал деп талап етсем, қайсысын алар едің?»,– дейді.
Жігіт: «Әрине, ашылмағанын», – деп жауап қатады.
Міне, дініміздің де әйел адамға қатысты ұстанымы осындай деген екен мұсылман ғалымы.

AQIDA.KZ

HUSAMUDDINHUSAMUDDIN
10 лет назад 5291
2 комментария
О блоге
0
39061 39 101 1581 46