Қудси хадис: Жүрегің Аллаға тәуекел етсін!
Қудси хадис: Жүрегің Аллаға тәуекел етсін!

Алла Тағаланың (ал-Уадуд) - "Сүйікті" деген сипаты бар. Сүйікті Пайғамбарымыздан (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жеткен Қудси хадисінде Хақ Тағала: "Ей адам баласы! Билік Иесінен әлбетте қорқыңдар, өйткені Менің Билігім Мәңгі және Жоғалып кетпейді! 

Ей, адам баласы! Ризығың тарылып қалады деп уайымдама, өйткені Менің қазынам толы, әрі ешқашан таусылмайды!

Ей, адам баласы! Мен сені тек құлшылық етуің үшін жараттым, сол үшін ойнама! Сенің рызығыңа кепілдік беретін мына Мен, уайымдап, шаршама (яғни бүкіл жан дүниесімен қайығырып, уайымдап, шаршама дейді, Керісінше, денең жұмыс істеп, Жүрегің Аллаға тәуекел етсін),-дейді. Сондай-ақ, Менің бөліп берген рызығыңа разы болсаң, жүрегіңді рахаттандырып, демалдырамын, сондай-ақ, Менің алдымда мақтаулы жан боларсың! Ал егер Менің бөліп бергеніме риза болмасаң, дүниенің жалған-былығына беріліп кетіп, Менен тек ғана саған бөліп бергенімді аларсың (демек, Оның алдында мақтаусыз қаларсың). Сондай-ақ, аспан мен жерді жаратқан - Менмін! Ертеңгі рызығыңды менен талап етпе, өйткені Мен сенен ертеңгі құлшылығыңды талап етіп тұрғаным жоқ қой?! Сондықтан ей, адам баласы! Мен саған сүйіктімін, Менің осы сипатыммен сенде маған сүйікті бол",-деп Имам Шағрауи (Алла рахмет етсін) Қудси хадисті тәпсірлей отырырып, жүректі тербетуге себепші болды.

Мәтіні:

 يا ابن آدم خلقتك للعبادة فلا تلعب، وقسمت لك رزقك فلا تتعب، فإن رضيت بما قسمته لك أرحت قلبك وبدنك، وكنت عندي محموداً، وإن لم ترض بما قسمته لك فوعزتي وجلالي لأسلطن عليك الدنيا تركض فيها ركض الوحوش في البرية ثم لا يكون لك منها إلا ما قسمته لك، وكنت عندي مذموماً 
 يا ابن آدم خلقت السماوات السبع والأراضين السبع ولم أعي بخلقهن، أيعييني رغيف عيش أسوقه لك بلا تعب ؟؟ 
يا ابن آدم أنا لم أنس من عصاني فكيف من أطاعني ؟ وأنا رب رحيم وعلى كل شيء قدير 
 ياابن آدم لا تسألني رزق غد كما لم أطالبك بعمل غد .
يا ابن آدم أنا لك محب فبحقي عليك كن لي محباً 

HUSAMUDDINHUSAMUDDIN
9 лет назад 9110
3 комментария
  • Тәуекел түбі-жел қайық. Алла разы болсын сізден. Алланың берері таусылмасын. Біз ққұлшылықта болайық.
    9 лет назад
  • РАХМЕТ! БАРШАМЫЗҒА!
    9 лет назад
  • Алланың нұры жаусын! "Жүрегінмен Аллаға тәуекел. ..". Иә, бұл сөздің мағынасын сіздер және Алла деп журген жандар түсінер. .. Әрине, Алланын сынағы. .. Ауруханаларға, яғни онкологиялық және туберкулез дис-не имамдар немесе көмекшілері барып ауруларға "Аллаға тәуекел" деңіз, намаз окыныз, деп, бір рухани көмек көрсетуді ойлайды ма... "Намаз оқығым келеді, Алладан тілек тілегім келеді бірақ қалай тілеймін" деген жандар көп. .. Неге сондай шаралар өткізбейді екен деген ойымды айтқым келді. Көпке топырақ шашпайын, намаз оқитындарда бар бірен сараң, қалғаны жаман әрекеттерге барып жатады екен... Сауап санда көп. ....
    8 лет назад
О блоге
0
39061 39 101 1581 46
Прямой эфир