ҚАЙРАТ ҚҰРМАНБАЕВ: МЕШІТТЕРДЕ ЖҰМА ЖӘНЕ ЖАМАҒАТ НАМАЗДАРЫНА НЕГЕ УАҚЫТША ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ?
1) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлемді шарпыған COVID-19 коронавирус жұқпалы дертін пандемия деп жариялауына байланысты әрі елімізде де бұл індеттің күн сайын өршуі себепті Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдай енгізілді. Бұндай жағдайда көпшілік шоғырланатын жерлердің жабылатындығы анық айтылды. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы да еліміздегі төтенше жағдайды ескеріп, дініміздің асыл мақсаттары мен шариғат негіздеріне сүйене отырып, еліміздегі мешіттерде жұма және жамағат намаздарын уақытша тоқтатуды ұйғарды. Сол секілді...